Бензема Роналдуды тастап Еуропаға кетпек

©AFP

Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" футбол клубының шабуылшысы Карим Бензема жуырда "Пари Сен-Жермен" командасына ауысуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz.

Sports Zone мәліметінше, франциялық ойыншының трансферіне париждік клубтың президенті Нассер Аль-Хелаифидің өзі мүдделі. Ол 36 жастағы форвардты жарты жылға жалға алығысы келіп отыр. Осылайша, ол "Реалға" аусқысы келген Килиан Мбаппені алмастыратын ойыншыны тапқан сияқты. 

Алайда ПСЖ-ның спорт директоры Луиш Кампуш Бенземаның трансферіне қарсы екен.

Ал Бенземаның Сауд Арабиясындағы жағдайға көңілі толмайтын болып шықты. Атап айтқанда ауа-райының қолайсыздығы, матчке адамдардың тым аз келуі, алаңдармен қиындықтар және жанкүйерлердің сын айта беруі. 

Биылғы маусымда Карим 20 матчте 12 гол салып, бес нәтижелі пас беріпті. 

Айта кетейік, Сауд Арабиясы чемпионатында әйгілі португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду өнер көрсетіп жүр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport