Бензема паненка стилінде пенальти соқты

©Global Look Press

Карим Бензема Чемпиондар Лигасының жартылай финалында "Манчестер Сити" қақпасына паненка стилінде гол соқты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Франция құрамасының шабуылшысы аталмыш матчта дубль авторы атанды. Ал ойын 4:3 есебімен ағылшын командасының пайдасына аяқталды. Бензема 82-минутта Эдерсон қақпасына қарай орындаған 11 метрлік айып добын керемет орындады. Салқынқандылық танытқан француз ойыншысы есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша, ол "Реал" сапында барлық жарысты қоса алғанда 600-кездесуін өткізді. Соның ішінде Чемпиондар Лигасында 139 кездесуінде 85 голын соқты.

Енді қарымта матч 4 мамыр күні Испанияда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар