"Реал" шабуылшысы Карим Бензема УЕФА Суперкубогінде "Айнтрахт" қақпасына гол салды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Франция құрамасының форварды "бланкос" сапында 324 голын соғып отыр. Ол осылайша команданың экс-капитаны Раульден озып, сұрмергендер арасында клуб тарихында екінші орынға көтерілді. Ал "Реалдан" кеткеніне бірнеше жыл болғанымен Криштиану Роналду 450 голмен көш бастап тұр.
Еске салайық, биылғы Суперкубокте "Реал" 2:0 есебімен неміс командасын ұтып аталмыш жетістікке бесінші рет жетті.