Бензема Франция құрамасына қатысты шешім қабылдады

20 желтоқсан 2022 09:22
©Global Look Press

 Карим Бензема Франция құрамасындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Реал" шабуылшысы бұл туралы Twitter желісінде жазды.

"Бүгінгіме жету үшін тер төктім, қателіктер жасадым, осы жеткенімді мақтан тұтамын! Мен өз тарихымды жаздым, ал біздің тарих тәмәм болды", - деп жазыпты Бензема. 

Бензема Франция құрамасы үшін 97 матч өткізіп, 37 гол салған болатын.

Форвард Катардағы әлем чемпионатына жарақат алып бара алмай қалды, алайда жарасы жазылғаннан кейін Карим мундиальдің шешуші ойындарына шақырту алмады. Бензема осы үшін бас бапкер Дидье Дешамға ренжіген ұқсайды. 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бензема провел за сборную Франции 97 матчей, забив в них 37 голов.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport