Карим Бензема тікелей эфир кезінде "Лион" клубына қайта оралу жоспарында жоғын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
38 жастағы француз шабуылшысының айтуынша, ол өзінің тәрбиеленуші клубында қайта ойнауы екіталай. Алайда мансабын аяқтағаннан кейін клуб басшылығына қосылу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Карим Бензема 2005–2009 жылдары "Лионның" негізгі құрамында өнер көрсетіп, кейін "Реал Мадрид" клубына ауысқан. Француз командасы сапында ол барлық турнирде 148 матч өткізіп, 66 гол соғып, 25 нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, футболшы осы жылдың ақпан айында "Аль-Иттихад" клубынан "Аль-Хиляль" командасына ауысқан болатын.