Бензема - әлемнің үздік ойыншысы атанды

©Global Look Press

"Реал" шабуылшысы Карим Бензема Marca басылымының нұсқасы бойынша 2021/22 жылғы маусымның ең үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Басылым Бенземаның барлық турнирде үздік болғанын алға тартады. Себебі шабуылшы "бланкоспен" Ла Лига мен Чемпиондар лигасын жеңсе, Франция құрамасымен бірге Ұлттар Лигасында топ жарды. Екінші орынға "Реал" қақпашысы Тибо Куртуа жайғасты. Үздік үштікті "Реалдың" тағы бір өкілі Жуниор Винисиус түйіндеді.

Алғашқы ондыққа "Ливерпульден" Мұхаммед Салах, ПСЖ сапынан Килиан Мбаппе, "Бавариядан" Роберт Левандовски, қорғаушы Вирджил ван Дейк ("Ливерпуль") пен "Баварияның" су жаңа ойыншысы Садио Мане кірді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport