Бензема АҚШ-қа келді. Себебі белгілі

©sport.bigmir

Карим Бензема АҚШ-та оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Реал" клубының лагеріне келді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Франция құрамасының сұрмергені "бланкос" басшылығынан қосымша бірнеше күн демалыс алған. Нәтижесіне ол "Реалға" кешірек қосылды.

Бүгінгі таңда Карло Анчелотти жаттықтыратын "корольдік" клуб мұхиттың арғы жағында арнайы турне жасау үшін келген.

"Реал" Америкадағы турне аясында Лас-Вегаста "Барселонамен" (23 шілде), Лос-Анджелесте "Ювентуспен" (30 шілде) және Мексиканың "Америкасымен" (26 шілде) жолдастық ойындар өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport