Футбол
Бүгін 10:01

"Бенфика" Моуриньюның орнына келетін бапкерді АПЛ-ден тапты

©Depositphotos/livephotosport

Лондонның "Фулхэм" клубын жаттықтырып жүрген португалиялық маман Марку Силва жақын арада "Бенфикаға" бас бапкер болып барады, деп хабарлайды Vesti.kz.

A Bola басылымының мәліметінше, 48 жастағы маман Лиссабон клубымен алдын ала келісімге келіп қойған және ағылшын командасымен келісімшартын ұзартпау туралы шешім қабылдаған. Сондай-ақ, Силваның "Фулхэм" басшылығына өз шешімін жеке жеткізу үшін Лондонға барғаны хабарланды.

Силва "Бенфика" тізгінін Жозе Моуриньюден қабылдап алады деп күиілуде. Дереккөздердің мәліметіне сәйкес, Моуринью жақын арада Мадридтің "Реал" клубының бас бапкері атануы мүмкін.

Марку Силва "Фулхэмді" 2021 жылдан бері жаттықтырып келеді. Бұған дейін ол Англия чемпионатындағы "Эвертон", "Уотфорд", "Халл Сити" және өзге де клубтарда жұмыс істеген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport