"Бенфика" Чемпиондар лигасы 1/4 финалы алдында "Қайратты" қорқытпақ болды

Сурет: KazFootball.kz

Ертең, 28 сәуірде алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасы 1/4 финалда сырт алаңда лиссабондық "Бенфикамен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Бұл матч алдында португалиялық команда қарсыласына сес көрсетіп отыр. "Бенфика" Instagram желісінде бразилиялық форвардтың Португалия чемпионатының 30-шы туры аясында "Брага" (4:2) қақпасына салған гол видеосын жариялады. 

"Жакаре ойынға оралып, қайтадан гол салды. "Қайрат" қорқа бастаса болады", – делінген роликке сипаттамада. 

Метки: