Белоруссиялық "Белшина" клубы 22 жастағы қазақстандық шабуылшы Ислам Чесноковпен келісімшартты ұзартқанын хабарлады.
Чесноков "Белшинада" өткен жылдың сәуір айынан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда Беларусьтің бірінші лигасында 28 матч өткізіп, 7 гол мен 4 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.
Маусым қорытындысы бойынша "Белшина" 63 ұпаймен екінші орын алып, Беларусь Жоғары лигасына жолдама алды.
Чесноков Өскеменде дүниеге келген. Мансабын Шығыс Қазақстандағы "Алтай" командасында бастаған. Бұған дейін Исламның "Каспийге" ауысатыны турлы ақпараттар тараған еді.