Белоруссиялық журналист Қазақстан құрамасымен ойынның сатылғанын меңзеді

Сурет: Reuters©
Белоруссиялық журналист, әрі блогер Николай Ходасевич өзінің YouTube арнасында Қазақстан мен Беларусь құрамаларының кездесуі алдында өз пайымын айтты, - деп хабарлайды KazFootball.kz "Прессбол" газетіне сілтеме жасап.

"Осы матчтан бұрынғы букмекерлік желілердің қозғалысқа түскені ұнамады. Қазақстан ұзақ уақыт басым болды, ал бірнеше сағат қалғанда бәрі өзгере қалды да, Беларусь фаворит бола қалды. Сосын шешуші голдың қалай кіргенін де көрдік, ана жігіт Виталий Лисаковичке бет-бет шығара салды", - делінген хабарламада. 
Жаңалықтар