Футбол
Бүгін 16:38
 

Беллингем "Реалдың" үздік ойыншысы атанды

  Пікірлер

blog.share

Беллингем "Реалдың" үздік ойыншысы атанды ©Depositphotos/Musiu0

"Реалдың" жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем мадридтік клубтың қазан айындағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Реалдың" жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем мадридтік клубтың қазан айындағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Реал" қазан айының үздік ойыншысын анықтады

23 жастағы ағылшын футболшысы қазан айында барлық турнирде бес матч өткізіп, бұл кездесулердің барлығында "Реал" жеңіске жетті. Осы ойындарда Беллингем бір нәтижелі пас берді.

Ла Лиганың 12 турында 30 ұпай жинаған "Реал" турнир кестесінде екінші орында келеді. Көш бастап тұрған "Барселонадан" үш ұпайға қалып отыр. Мадридтік клуб келесі матчын 21 қарашада "Сельтаға" қарсы өткізеді.

"Реал" Беллингемнің болашағына қатысты шешім қабылдады

Sport.es мәліметінше, "Реал" Беллингеммен келісімшартты 2031 жылға дейін ұзарту бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.

Келісімшарт ұзартылған жағдайда 23 жастағы жартылай қорғаушы маусымына 20-25 миллион еуро табыс табады. Қазіргі уақытта ағылшын футболшысының еңбекақысы 15 миллион еуродан аспайды.

Беллингемнің "Реалдағы" статистикасы мен жетістіктері

Беллингем 2023 жылдың жазынан бері "Реал" сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирде 156 матч өткізіп, 51 гол соқты және 37 нәтижелі пас берді. "Корольдік клубпен" бірге бес жүлде жеңіп алды. Олардың қатарында Ла Лига мен Чемпиондар лигасының титулдары бар.

Футболшының "Реалмен" келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталы оның нарықтағы құнын 160 миллион еуро деп бағалайды.

Осы маусымда жартылай қорғаушы барлық турнирде 16 матчқа қатысып, бес гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!