Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем мадридтік "Реал" сапындағы барлық турнирде соққан голдарының санын 50-ге жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл айтулы оқиға Ла Лиганың 11-туры аясында болды. Жозе Моуринью шәкірттері сырт алаңда "Расингті" 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Ағылшын футболшысы кездесудің 21-минутында гол соқты.
23 жастағы ойыншыға бұл межеге жету үшін 154 матч қажет болды. Осы голдың арқасында Беллингем бірден бірнеше жетістікке қол жеткізді.
Джуд "Реал" тарихында клуб сапында 50 гол соққан 50-ойыншы атанды.
Бірегей жетістікБеллингем 2023/24 жылғы маусымның басынан бері, яғни мадридтік клубтағы дебютінен бастап, барлық турнирде 50 гол соққан Ла Лигадағы жалғыз жартылай қорғаушы болып отыр.
Англиялық футболшыБеллингем "Реал" тарихында 50 голдық межеге жеткен алғашқы ағылшын футболшысы атанды. Бұл көрсеткіш бойынша ол отандастары Дэвид Бекхэм мен Лори Каннингемнен әлдеқашан озып кетті. Олардың еншісінде 20 голдан бар.
Сонымен қатар ағылшын футболшысы мадридтік клуб сапында 49 гол соққан аты аңызға айналған Зинедин Зиданнан да асып түсті.
"Расингті" ұтқан "Реал" 27 ұпай жинап, Ла Лига чемпиондығы үшін "Барселона" және "Атлетикомен" күресін жалғастырып жатыр.
Мадридтіктер чемпионаттағы келесі кездесуін 7 қарашада сырт алаңда "Валенсияға" қарсы өткізеді.