Футбол
Бүгін 10:40
 

Беллингем "Реал" тарихын өзгертіп Зиданнан да асып түсті

  Пікірлер

blog.share

Беллингем "Реал" тарихын өзгертіп Зиданнан да асып түсті ©Depositphotos/Musiu0

Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем мадридтік "Реал" сапындағы барлық турнирде соққан голдарының санын 50-ге жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем мадридтік "Реал" сапындағы барлық турнирде соққан голдарының санын 50-ге жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айтулы оқиға Ла Лиганың 11-туры аясында болды. Жозе Моуринью шәкірттері сырт алаңда "Расингті" 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Ағылшын футболшысы кездесудің 21-минутында гол соқты.

23 жастағы ойыншыға бұл межеге жету үшін 154 матч қажет болды. Осы голдың арқасында Беллингем бірден бірнеше жетістікке қол жеткізді.

Сандар сиқыры

Джуд "Реал" тарихында клуб сапында 50 гол соққан 50-ойыншы атанды.

Бірегей жетістік

Беллингем 2023/24 жылғы маусымның басынан бері, яғни мадридтік клубтағы дебютінен бастап, барлық турнирде 50 гол соққан Ла Лигадағы жалғыз жартылай қорғаушы болып отыр.

Англиялық футболшы

Беллингем "Реал" тарихында 50 голдық межеге жеткен алғашқы ағылшын футболшысы атанды. Бұл көрсеткіш бойынша ол отандастары Дэвид Бекхэм мен Лори Каннингемнен әлдеқашан озып кетті. Олардың еншісінде 20 голдан бар.

Сонымен қатар ағылшын футболшысы мадридтік клуб сапында 49 гол соққан аты аңызға айналған Зинедин Зиданнан да асып түсті.

"Расингті" ұтқан "Реал" 27 ұпай жинап, Ла Лига чемпиондығы үшін "Барселона" және "Атлетикомен" күресін жалғастырып жатыр.

Мадридтіктер чемпионаттағы келесі кездесуін 7 қарашада сырт алаңда "Валенсияға" қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!