Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем Ұлыбританиядан сырт өнер көрсететін футболшылар арасындағы ерекше рекордты қайталады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Opta мәліметінше, Чехияға қарсы Ұлттар лигасындағы өткен матч (3:0) 23 жастағы жартылай қорғаушы үшін Англия құрамасы сапында мадридтік "Реал" ойыншысы ретінде өткізген 36-ойыны болды. Осы көрсеткіш бойынша Беллингем атақты жартылай қорғаушы Дэвид Бекхэммен теңесті. Бұған дейін "корольдік клубтың" ойыншысы ретінде ұлттық құрама сапында ең көп матч өткізген ойыншы рекорды Бекхэмге тиесілі еді.
Айта кетейік, Беллингем "Реалға" 2023 жылдың жазында ауысып, үш жыл ішінде 2003-2007 жылдары "Сантьяго Бернабеуде" өнер көрсеткен Бекхэмнің көрсеткішіне жетті.
Ұлттар лигасы А лигасының 3-тобындағы командалар жағдайы:
Испания - 12 ұпай;
Англия - 9;
Хорватия - 3;
Чехия - 0.
Бесінші турда Англия өз алаңында Хорватияны қабылдайды, ал Чехия өз алаңында Испаниямен кездеседі. Екі матч та 12 қарашада өтеді.