Белгілі футболшы Неймардың сүйкімсіз қылықтары туралы ашық айтты

©psg.fr

"Аякс" пен "Милан" сапында ойнаған Ниднерланды құрамасының бұрынғы шабуылшысы Марко ван Бастен "ПСЖ" сапындағы бразилиялық форвард Неймарды сынады, деп хабарлайды The Sun.

"Неймар - нағыз жылауық, ол үнемі арандатып жүреді. Бір секундта ол біреуге қарсы ереже бұзады да, екінші секундта өзін құрбан етіп көрсеткісі келеді. Оны түртуге де рұқсат жоқ. Алаңда сүйкімі жоқ", - дейді ван Бастен. 

Еске салайық, Неймар "ПСЖ" сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Биылғы маусымда ол 13 матчте он гол салды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport