Белгілі футболшы жаңа қызметке тағайындалды

©kff

Ғани Қайназаров ҚФФ құрама командалар Департаменті директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде құрама командалар Департаментінің директоры таныстырылды.

Жаңа қызметке танымал отандық маман Ғани Қайназаров тағайындалды.

Ғани Әділханұлы әр жылдары жамбылдық "Химик", алматылық "Қайрат", "Тараз" командаларында ойнады. Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғады.

Ойын мансабын аяқтаған соң "Тараз", "Астана" футбол клубтары мен Қазақстан футбол федерациясында басшылық қызмет атқарды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport