"Манчестер Юнайтедтің" экс-жартылай қорғаушысы маусым қорытындысы бойынша қай клубтың чемпион болатынын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Менің ойымша, "Манчестер Сити" чемпион болады. Гвардиоланың әлемдегі ең білікті мамандардың бірі екендігін ұмытпағанымыз жөн", - дейді "қызыл сойқандар" сапында Англияның 7 дүркін чемпионы атанған ойыншы.
Еске салайық, 29 кездесу өткізген "Манчестер Сити" 70 ұпаймен көш бастап тұрса, "Ливерпуль" 69 ұпаймен екінші келеді. Лондонның "Челсиі" 59 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр.