Белгілі футболшы абақтыға бір жылға қамалып, қазіргі клубына айыппұл төлеуі мүмкін

©ftbl

Франция құрамасының қорғаушысы Люка Эрнандес түрмеге қамалуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі AS басылымына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда футболшы сот шешімін бұзғаны үшін жауапқа тартылып жатыр. Енді ол 19 қазанда Мадрид сотына қатысып, жазасын қалай және қай жақта өтейтінін білетін болады.

2017 жылы "Атлетико" намысын қорғап жүрген Эрнандес өзінің кездесіп жүрген сүйіктісіне шабуыл жасағаны үшін тергелген еді. Нәтижесінде сот шешімі бойынша сүйіктісіне жақындамау туралы шешім шыққан соң ол өзінің жазғы демалысын сол қызбен өткізген. Енді заңға бағынбаған футболшы бір жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Еске салайық, Эрнандес бұл күндері  Мюнхеннің "Бавариясында" ойнайды. Ал футболшы жарақатсыз, себепсіз клуб сапында өнер көрсетпесе келісім-шарт бойынша командасына миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: