Белгілі Эвер Банега Сауд Арабиясы чемпионатынан кетті

©FutbolSapiens

Аргентиналық футболшы Эвер Банега "Әл-Шабаб" сапынан кетті, деп хабарлайды саудиялық клубтың баспасөз қызметі.

Ол Эр-Рияд қаласының клубында 2020 жылдан өнер көрсетіп келді. Сауд Арабиясы чемпионатының биылғы маусымында 35 жастағы жартылай қорғаушы 16 матчте 2 гол салып, 1 нәтижелі пас берді.

Футболшы карьерасында "Севилья", "Интер", "Ньюэллс Олд Бойз", "Атлетико", "Валенсия" мен "Бока Хуниорс" командаларында өнер көрсетті. "Севильямен" бірге Еуропа лигасын үш рет ұтқан. Ал 2008 бен 2018 жылдар аралығы Аргентина құрамасына шақыртылып жүрді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport