Белгілі бапкер Қазақстанның Еурода ойнауына қарсы шықты
Румыниялық белгілі маман Мирча Луческу Еуро-2024 турниріне іріктеу форматын сынға алды, деп хабаралйды Vesti.kz.
Румыниялық белгілі маман Мирча Луческу Еуро-2024 турниріне іріктеу форматын сынға алды, деп хабаралйды Vesti.kz.
Киевтік "Динамо", донецкілік "Шахтер", "Зенит" пен Түркия құрамасының бұрынғы бапкері Қазақстанның Еуроға іріктелуін дұрыс емес дейді.
"Қазір біз финалдық турнирде ойнайтын сонша команданы көріп отырмыз. Мен бапкер болғанда Еурода сегіз команда ғана ойнайтын. Олардың жетеуі іріктеуден өтетін.
Қазір Еурода 24 команда, әлем чемпионатында - 32, ал алда 48 болады. Кіп кішкентай елдер аяқ-асты іріктеуден өтіп кетуі мүмкін.
Қазақстан Еурода? Бұл мүлде дұрыс емес. Бұл шынымен нанғысыз, УЕФА осындайға қалай жол беріп отыр?", - деп береді Луческудің сөзін ua-football.com.
Жарнама