Футбол
30 қараша 2023 11:15

Белгілі бапкер қазақ – өзбек футболының айырмашылығын атады

©"Қайрат" ФК

"Қайсар" футбол клубының бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков Қазақстан мен Өзбекстан футболындағы айырмашылықтарды атап көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz

"Өзбекстан футболы техникалық жүйе және ережеге негізделген. Алаңда көп ереже бұзылмайды, доп ұстауға көп мән беріледі. Ал мұнда күш салатын еуропалық футбол үлгісі. Онда азиялық жүйе болса, мұнда еуропалық стиль. Басты айырмашылық – инфрақұрылымда. Онда стадионы мен оқу-жаттығу базасы жоқ клубты көргенім жоқ. Алаңдарының бәрі жасанды емес, климаты шөп өсіруге қолайлы. Мұнда да солай өсіруге болады, бірақ жасанды шөпке баса мән беріледі. Қазақстандағы көп команданың жаттығу базасы жоқ немесе талаптарға сай келмейді. Онда он жылға жуық стадион ісіне көңіл бөлген. Стадиондарының көбі 2005-2016 жылдар аралығында салынған. Әр облыста талапқа сай стадион бар", - деп жауап берген маман QyzylordaLive-қа берген сұхбатында. 

Виктор Кумыков "Қайсар" командасымен биыл ел чемпионатын 6-орында аяқтады. Ал оған дейін еліміздегі "Атырау", "Ордабасы", "Шахтер", "Елімай" мен "Есіл" клубтарын жаттықтырған. Қарағандылық командамен еурокубок ойындарында жоғары жетістікке жеткен маман. Өзбекстанда "Әндіжан", АГМК, "Насаф" және "Машъал" клубтарын жаттықтырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport