Белгілі әнші Шакира "Барселона" мен адал жары Жерар Пикені "Реалды" ұтқаннан кейін құттықтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Испания чемпионатының 29-турында каталондық клуб қонақта "Реалдан" басым түсті. Хави командасының сапында Пьер-Эмерик Обамеянг (29, 51-минут), Рональд Араухо (38-минут) және Ферран Торрес (47-минут) гол соқты.
"Жерар маған әлеуметтік желіде футбол туралы жазба қалдырғанымды қаламайды. Алайда ол әлемдегі ең мықты орталық қорғаушы. Қаншама қиындықтарға, жарақаттарына қарамастан кешегі ойында өте жақсы ойнады", - деп жазды Шакира Instagram парақшасында.
Ла Лиганың 29-турынан кейін "Реал" 66 ұпаймен бірінші орында келеді. "Барселона" болса 28 кездесуден кейін 54 ұпаймен турнир кестесінің үшінші орнына жайғасты.