Футбол
18 қазан 2022 15:23
 
Бельгиялық команда алаң жиегінде темекі шеккен футболшысын шеттетіп жіберді

  Пікірлер

blog.share

Бельгиялық команда алаң жиегінде темекі шеккен футболшысын шеттетіп жіберді ©"Рома" ФК

"Романың" бұрынғы футболшысы Раджа Найнголанның басы тағы да дауға қалды. Қазіргі уақытта бельгиялық "Антверпен" командасында ойнайтын жартылай қорғаушы қосалқы құрам футболшылары отыратын жерде темекі шегіп, ұсталып қалды, деп жазады The Sun  басылымы. 

Найнголанның темекі шегіп жатқаны камераға түсіп қалған. Содан кейін оның фотосы әлеуметтік желіге тарап кетті. 

"Антверпен" басшылары футболшының бұл әрекетіне ашулы. Клуб басшылары Раджаны бұл қылығы үшін негізгі командадан шеттетіп жіберді. Қазіргі уақытта ол "Антверпеннің" дубльімен жаттығу істеуде. 

Айта кетейік, қазан айының басында бельгиялық басылымдар Найнголан мас күйінде, мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігімен көлік айдап ұсталып, қамауға алынғаны туралы жазған еді. Ол кезде футболшы кепілақымен бостандыққа шыққан болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!