Футбол
8 қыркүйек 12:51

Бельгиядан ойсырай ұтылғаннан кейін Әли Әлиев отставкаға кететінін мәлімдеді

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің 6-турында Бельгиядан ірі есеппен жеңілгеннен кейін отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Брюссельде өткен матч алаң иелерінің пайдасына 6:0 есебімен аяқталды.

"Қысқа ғана айтқым келеді. Бұл жеңіліс, болған жағдай – барлығы менің кінәм. Елге оралған соң, отставка туралы арызымды жазып, Қазақстан футбол федерациясының президенті мен басшылыққа жеткіземін", – деді Әлиев ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Әли Әлиев Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне биыл мамыр айында тағайындалған болатын. Ол бұл қызметке ресейлік маман Станислав Черчесовтың орнына келген.

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын 10 қазанда өз алаңында Лихтенштейнге қарсы өткізеді.

J тобының турнирлік кестесі:

1. Солтүстік Македония – 11 ұпай (5 матч)
2. Бельгия – 10 ұпай (4 матч)
3. Уэльс – 10 ұпай (5 матч)
4. Қазақстан – 3 ұпай (5 матч)
5. Лихтенштейн – 0 ұпай (5 матч)

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport