Бельгиядан жеңісті жұлып алды. Франция Ұлттар лигасы финалына шықты

©REUTERS

Ұлттар лигасының жартылай финалында Франция құрамасы Бельгияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Италияның Турин қаласында өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды. 

Бірінші таймда Бельгия 2:0 есебімен алда болған. 37-минутта Янник Карраско, ал 40-минутта Ромелу Лукаку гол салған еді.

Үзілістен кейін франциялықтар алға шықты. Алдымен 62-минутта Карим Бензема гол соқты, жеті минуттан кейін Килиан Мбаппе пенальтиден есепті теңестірді, ал 90-минутта Тео Ернандес матч нүктесін қойды.

Ұлттар лигасының финалында Франция Испаниямен ойнайды. Бұл кездесу 10 қазан Миланда өтеді. Осы күні Туринде Бельгия мен Италия үшінші орынға таласады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар