Бельгия топта көш бастады

сурет: getty images

Еуро-2020 додасында Бельгия құрамасы В тобының көшін бастады. Санкт-Петербургте алаң қожайындарымен кездескен Роберто Мартинес шәкірттері 3:0 есебімен басым түсті. Ромелу Лукаку (10, 89 мин) дубль авторы атанса, Томас Менье (34 мин) еншісіне бір гол жазды.

Енді Ресей ойыншылары келесі кездесуін 16-шы маусымда Финляндияға қарсы өткізеді. Ал 17-ші маусымда Копенгагенде Дания мен Бельгия өзара мықтыны анықтамақ.

Еске салсақ, қарт құрлық біріншіліктерінің тарихында тұңғыш рет жолдама алған "суоми" командасы алғашқы матчта Данияны 0:1 есебімен тізе бүктірді.

 

Метки:
Жаңалықтар