Футбол
Бүгін 07:51

Белгия - Сенегал матчінде ғаламат камбэк пен пенальти сенсацияны болдырмады

© instagram.com/belgianreddevils

Бельгия құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/16 финалдық кездесуде еуропалықтар Сенегал құрамасын ұтты. Сиэтлде (АҚШ) өткен матч 3:2 есебімен Бельгияның пайдасына аяқталды.

Сенегал бұл кездесуде турнирдегі ең ірі сенсациялардың бірін жасауға жақын болды. Есепті 25-минутта Хабиб Диарра ашса, үзілістен кейін 51-минутта Исмаила Сарр есеп айырмасын екі допқа жеткізді.

Алайда матчтың соңғы минуттарында бельгиялықтар керемет камбэк жасады. Алдымен 86-минутта Ромелу Лукаку есеп айырмасын қысқартты. Араға үш минут салып, 89-минутта Юри Тилеманс таразы басын теңестіріп, есепті 2:2-ге жеткізді.

Жеңімпазды анықтау үшін қосымша уақыт берілді. Екінші экстра-таймның соңғы сәтінде, 121-минутта төреші Сенегал қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добын Юри Тилеманс мүлтіксіз орындап, Бельгияға жеңіс сыйлады.


Осылайша, Бельгия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына өтіп, АҚШ пен Босния және Герцеговина құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport