Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін Бельгия және Фарер аралдарына қарсы ойындарға шақырылған футболшылардың соңғы тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);
Қорғаушылар: Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (барлығы – «Ордабасы»), Әлібек Қасым, Багдат Қайров, Талғат Құсяпов (барлығы – «Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Арсен Аширбек («Оқжетпес»);
Жартылай қорғаушылар: Даурен Жұмат («Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Рамазан Оразов, Жан Әли Пайруз, Алмас Төлюбай, Ғалымжан Кенжебек (барлығы – «Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»), Рамазан Каримов («Астана»).
Еске сала кетейік, қараша айында Қазақстан құрамасы екі матч өткізеді:
– 15 қараша күні өз алаңында 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бельгияға қарсы ойнайды;
– 18 қараша күні Хорватияда Фарер аралдары құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.
Жарнама