Бельгия құрамасы білікті бапкер іздестіруде

14 желтоқсан 2022 16:20
©twitter.com/thibautcourtois

Бельгия футбол қауымдастығы бас бапкер Роберто Мартинесті қызметінен қуғаннан кейін жаңа маманды іздестіруде, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Қауымдастықтың ресми сайтында жеңістің не екенін білетін, жылдам шешім қабылдайтын, тактикалық білімі мол, халықаралық тәжірибесі бар және топ-ойыншылармен тіл табсыса алатын жаттықтырушыны іздестіріп жатқаны жайлы жазылған.

Бас бапкердің толық аты-жөні 2023 жылдың 10 қаңтарында белгілі болады.

Еске салайық, испаниялық маман Роберто Мартинес жаттықтырған Бельгия командасы Қатардағы әлем чемпионатының F тобында өнер көрсетіп, топтан шыға алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport