Беларуське қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасы жарияланды

©

Ұлттар лигасының 3-туры аясында Беларусь құрамасына қарсы кездесуге шығатын Қазақстан құрамасы жарияланды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ойын бүгін, 10 маусым күні Нови-Сад қаласындағы "Караджордже" стадионында болады. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады. Матчты QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Қазақстан құрамасының бас бапкері ойында бір жарым сағат қалғанда құрамды жариялады. Словакияға қарсы ойынмен салыстырғанда құрамда бір өзгеріс бар. Өткен ойында негізгі құрамда алаңға шыққан Михаил Габышевтің орнын Бағдат Қайыров басады. 

Қазақстан құрамасы: 

Қақпашы: Игорь Щацкий. 

Қорғаушылар: Бағдат Қайыров, Сергей Малый, Нұралы Әліп, Александр Марочкин және Ян Вороговский. 

Жартылай қорғаушылар: Эльхан Астанов, Асылан Дарабаев, Исламбек Қуат (к) және Рамазан Оразов. 

Шабуылшы: Абат Айымбетов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии