Беларуське қарсы кездесуде Қазақстан құрамасының капитаны кім болатыны айтылды

©ҚФФ

Ұлттар лигасының үшінші тур аясында Беларусь құрамасына қарсы кездесуде Қазақстанның капитаны кім болатыны айтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ойын ертең, 10 маусымнан 11 маусымға қараған түні Сербияның Нови-Сад қаласында болады. Кездесуді QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Ал аталған кездесуде Қазақстан құрамасын капитан ретінде Исламбек Қуат бастап шығады. 

Айта кетейік, Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы осыған дейін екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетіп, С тобындағы 3 себетте жеке дара көш бастап тұр. Ал Беларусь құрамасы бір ойында жеңіліп, бір ойында тең түсті. Бұл құрама үшінші сатыға жайғасқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport