Футбол
28 қыркүйек 2022 06:29

Беларусь құрамасының бапкері қызметінен кетуі мүмкін

©azerisport

Беларусь құрамасының бас бапкері міндетін Вадим Скрипченко атқаруы мүмкін, деп жазады Прессбол сайты.

Қазіргі таңда ол "Минск" жаттықтырушысы Георгий Кондратьев қызметінен кеткен жағдайда құрама тізгінін ұстауы мүмкін үміткерлердің бірі. Скрипченконың командасы биылғы маусымда Беларусь біріншілігінде 34 ұпаймен 7 орынға түсіп қалды.

Вадим Скрипченко осыған дейін Ресейдің "Урал", "Крылья Светов" және "Анжи" клубтарында қызметте болды.

Еске салайық, С лигасының 3 тобында Қазақстан, Беларусь, Словакия және Әзірбайжан кездесіп, "қаршығалар" 6 тур қорытындысы бойынша 13 ұпаймен жеке-дара көш бастады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport