Беларусь Қазақстанға қарсы ойнайтын футболшылар тізімін жариялады

12 қыркүйек 2022 19:16
©Тұрар Қазанғапов

Футболдан Беларусь құрамасының бас бапкері Георгий Кондратьев қыркүйек айында Ұлттар лигасына қатысатын құраманың футболшылар тізімін жариялады, деп жазады Беларусь футбол федерациясының баспасөз қызметі. 

Беларус құрамасы қыркүйек айында екі кездесу өткізеді. 21 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанмен құрамасымен ойнаса, 25 қыркүйек күні Сербияда Словакиямен кездеседі. 

Алдағы ойындарға 23 футболшы шақырту алған. 

Қақпашылар: Павел Павлюченко ("Термалика", Польша), Егор Хаткевич ("Динамо-Минск"), Максим Плотников ("Шахтер", Солигорск).

Қорғаушылар: Денис Поляков ("Астана", Қазақстан), Сергей Политевич, Глеб Шевченко (екеуі де - "Шахтер", Солигорск), Кирилл Печенин ("Оренбург", Ресей), Максим Швецов ("Динамо-Минск"), Руслан Юденков ("Мақтаарал", Қазақстан), Захар Волков ("Химки", Ресей), Данила Нечаев, Владислав Малькевич (екеуі де - БАТЭ, Борисов).

Жартылай қорғаушылар: Владислав Климович ("Неа Саламина", Кипр), Евгений Яблонский ("Арис", Лимассол, Кипр), Макс Эбонг ("Астана", Қазақстан, Павел Седько ("Гомель"), Александр Селява ("Ростов", Ресей), Валерий Громыко, Валерий Бочеров (екеуі де - БАТЭ, Борисов), Руслан Лисакович ("Ислочь").

Шабуылшылар: Павел Савицкий ("Неман"), Иван Бахар ("Динамо-Минск"), Егор Богомольский ("Нефтчи", Әзірбайжан). 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар