Беларусь - Қазақстан. Ұлттар лигасы матчіне тікелей трансляция

©ҚФФ

Бүгін, 11 маусымға қараған түні Ұлттар лигасында Беларусь пен Қазақстан матчі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

С дивизионының үшінші тобындағы ойын Сербияның Нови-Сад қаласында өтеді, басталуы 00:45. Матчты Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Мұның алдындағы ойындарда Қазақстан Әзірбайжанды (2:0) және Словакияны (1:0) ұтты, ал Беларусь өз кезегінде Словакиядан (0:1) ұтылып, Әзірбайжанмен тең түсті (0:0).

13 маусымға Қазақстан - Словакия, Әзірбайжан - Беларусь ойындары белгіленген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport