Бекхэм Месси түскен құны 400 миллион еуродан асатын суретті көрсетті

©"Интер Майами" ФК

"Интер Майами" футбол клубының иесі, әйгілі Дэвид Бекхэм "Барселонаның" төрт жыл бұрынғы басты жұлдыздары жаттығып жатқан суретті жариялады, деп жазады Vesti.kz.

Олар аргентиналық Лионель Месси, уругвайлық Луис Суарес және испаниялықтар Жорди Альба мен Серхио Бускетс.

Футболшылар Майамиде жаңа маусымға дайындалып жатыр. Бұл төрттікті "Барселонадан" 2020 жылға дейін ғана көруге болатын еді.

Айта кетейік, кезінде Месси 180, Суарес - 90, Бускетс - 80 және Альба - 70 миллион еуро, ал жалпылай алғанда каталондық клубта жүргенінде ортақ құны (траснферлік бағасы) 420 миллион еуро болатын.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport