Әйгілі Бекхэмнің ұлы 19 жастағы Ромео Бекхэм "Форт Лодердейл" командасының сапында алаңға шықты, деп жазады Vesti.kz басылымы.
"Форт Лодердейл" АҚШ-та деңгейі жағынан үшінші дивизионның клубы болып табылады. Бекхэмнің ұлы алғашқы минуттан бастап алаңға шығып, 79-минутта командаласымен алмастырылды. Жартылай қорғаныс шебінде доп тепкен кіші Бекхэм матч барысында допқа небәрі 19 рет жанасқан. Ал "Форт Лодердейл" мен "Тормента" арасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталды. Бір қызығы, аталмыш ойында "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы қорғаушысы Фил Невиллдің баласы Харви Невилл де тырнақ алды кездесуін өткізді. Фил Невилл бүгінгі таңда "Интер Майами" ұжымын жаттықтырады.