"Базель" Конференция лигасында "Қайратпен" ойнау үшін Алматыға ұшып келді

©instagram.com/fcbasel1893

Швейцариялық "Базель" командасы Конференция лигасы топтық кезеңінде "Қайратпен" кездесу үшін Алматы қаласына ұшып келді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бесінші тур аясындағы ойын 25 қараша күні Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтеді. Бұл ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 21:30-да басталады. 

Айта кетейік, төрт турдан кейін "Базель" командасы жеті ұпай жинап, Н тобында екінші орында келеді. Ал "Қайрат" болса бір ұпаймен соңғы сатыға жайғасқан. 

Еске салайық, бұл ойыннан кейін "Қайрат" команда сапында екі маусым ойнаған бразилиялық шабуылшы Вагнер Лавты құрметпен шығарып салады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: