Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Бельгияға қарсы матч және Фарер аралдарымен өтетін жолдастық кездесу үшін шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Құраманың кеңейтілген тізіміне 38 ойыншы енді. Олардың қатарында — Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Ерсұлтан Қалдықбеков («Қайсар») және Жан Әли Пайруз («Елімай»).
Оқу-жаттығу жиыны 3 қараша күні Астанада басталады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстан құрамасының алдағы ойындары:
15 қараша, «Астана Арена» — Бельгияға қарсы матч (ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі);
18 қараша, Пула қаласы (Хорватия) — Фарер аралдарымен жолдастық кездесу.
Жарнама