Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айындағы жолдастық матчтарға қатысатын футболшылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасы сырт алаңда екі матч өткізеді. Команда 6 маусымда Армениямен, ал 9 маусымда Венгриямен ойнайды.
Бапкерлік штабтың шешімімен ұлттық құрама сапына 25 футболшы енді.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Александр Заруцкий ("Ақтөбе"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы");
Қорғаушылар: Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де — "Қайрат"), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де — "Астана"), Сергей Малый ("Ордабасы"), Әрсен Әшірбек ("Елімай"), Санжар Сатанов ("Атырау"), Сағи Совет ("Қайсар");
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов ("Елімай"), Жасұлан Әмір ("Ордабасы"), Исламбек Қуат ("Жеңіс"), Дінмұхамед Қараман ("Астана"), Серікжан Мұжықов ("Жетісу"), Әбінұр Нұрымбет ("Оқжетпес");
Шабуылшылар: Дастан Сәтбаев ("Қайрат"), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де — "Ахмат", Ресей), Ислам Чесноков ("Хартс", Шотландия), Роман Мұртазаев ("Елімай"), Мағжан Тоқтыбай ("Ордабасы"), Мақсат Абраев ("Астана").
Айта кетейік, маусым айында Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы да екі жолдастық матч өткізеді. Қарсылас - Беларусь құрамасы.
Алғашқы ойын 5 маусымда Барановичи қаласындағы стадионда өтеді және Астана уақытымен 19:00-де басталады. Ал екінші кездесу 8 маусымда Минскідегі "Трактор" стадионында ұйымдастырылып, 20:00-де болады.
Жарнама