УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы матчында "Бавария" клубы "Аталанта" командасын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бергамо қаласында өткен кездесу 6:1 есебімен неміс клубының пайдасына аяқталды.
Жеңімпаздар сапында Йосип Станишич (12-минут), Майкл Олисе (22, 64), Серж Гнабри (25), Николас Джексон (52) және Джамал Мусиала (67) гол соқты.
Алаң иелері сапынан жалғыз голды қосымша уақытта Марио Пашалич (90+3) енгізді.
Осы нәтижеден кейін бұл қарсыласудағы жеңімпаз іс жүзінде анықталғандай. Қарымта матч 18 наурызда Мюнхен қаласында өтеді және формальды ойынға айналуы мүмкін.