Мюнхендік "Бавария" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур матчында сырт алаңда франциялық "Лилльден" ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Францияда өткен кездесу алаң иелерінің камбэгімен аяқталды. Есеп – 2:1.
"Бавария" 15-минутта қорғаушы Дайо Упамеканоның голының арқасында есеп ашты. Алайда үзілістен кейін "Лилль" ойын барысын өзгерте алды. 62-минутта Аясэ Уэда есепті теңестірсе, арада төрт минут өткенде мюнхендік команданың жартылай қорғаушысы Александр Павлович допты өз қақпасына енгізіп алды. Осылайша, франциялық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті.
"Лилль" үшін бұл – биылғы турнирдегі алғашқы жеңіс. Бұған дейін франциялықтар қатарынан үш матчта ұтылып, бұл кездесулерде гол айырмасы 4:10 болды. Ал алдыңғы турда норвегиялық "Будё-Глимтпен" 0:0 есебімен тең түскен еді.
"Бавария" бұған дейін екі рет жеңіске жетіп, екі рет тең ойнаған болатын. Енді мюнхендік клуб турнирдегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Жалпы кезеңнің алтыншы турында "Лилль" 9 желтоқсанда сырт алаңда "Штутгартпен" кездеседі. Ал "Бавария" бір күн бұрын чехиялық "Славиямен" ойнайды.