Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Рафинья карьерасын ресми түрде аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мюнхендік "Баварияның" 39 жастағы бұрынғы қорғаушысы 20 жылдан астам уақытқа созылған кәсіби жолына нүкте қойды. Ол бұл шешімді еш өкінбей қабылдағанын айтты.
"Бүгін мен кәсіби карьерамды ресми түрде аяқтағанымды жариялаймын. Бұл – ғажайып сапар болды. Мұндай жолдан өтемін деп ешқашан ойламаппын. Бұл шешім жүректі ауыртса да, әр нәрсенің соңы бар. Жетістіктеріммен мақтанамын", – деп береді Рафиньяның сөзін NDTV.
Ол өз жолын бразилиялық "Коритиба" клубынан бастаған. Кейін "Шальке", "Дженоа", "Бавария", "Фламенго" сынды клубтарда өнер көрсетті. Ең жарқын кезеңі мюнхендік командада өтті - 266 матч, жеті рет Бундеслига чемпионы, төрт мірте Германия кубогін иеленді және 2013 жылы требл.
Рафинья Бразилия құрамасы сапында төрт матч өткізген. Оның карьерасындағы соңғы клуб "Сан-Паулу" болды. Бұл команда 2023 жылы Бразилия кубогін, ал 2024 жылы Рей суперкубогын жеңіп алып, ардагер қорғаушымен капитан және көшбасшы ретінде қоштасты.
Жарнама