"Баварияның" бас жұлдызы "Барселонаға" ауысуға ниетті

©Reuters

Дортмундық "Боруссияның" шабуылшысы Эрлинг Холандты сатып алу кезінде қиындыққа тап болған "Барселона" командасы басқа шабуылшыға көз тікті. Sport.es ақпараты бойынша, каталониялық команда "Баварияның" шабуылшысы Роберт Левандоскиге ұсыныс жасаған. 

Дереккөздің жазуынша, "Барселона" Польша құрамасының шабуылшысына 4 жылдық келісімшарт ұсынған. Қазіргі уақытта Левандовскидің өзі де команда ауыстыруға ниетті. Сол үшін ол жазда Каталонияға көшуі әбден мүмкін. 

Ал "Барселона" үшін бұл маркетинг жағынан да пайдалы болады. Себебі Лионель Месси жазда ПСЖ сапына ауысқаннан кейін каталониялық командада айқын жұлдыз ойыншы жоқ. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport