"Бавария" сырт алаңда "Барсаны" ойсырата ұтты, "Челси" мен "Ювентус" те Чемпиондар лигасын жеңістен бастады

15 қыркүйек 2021 11:39
©sportarena.com

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде мюнхендік "Бавария" каталондық "Барселонаны" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Е тобындағы кездесу Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. 34-минутта Томас Мюллер есепті ашты. 56-минутта Роберт Левандовски есепті еселеді, ал 85-ші минутта польшалық футболшы дубль жасады. 

Қатар өткен ойында киевтік "Динамо" лиссабондық "Бенфикамен" тең түсті - 0:0.

F тобында испаниялық "Вильярреал" өз алаңында италиялық "Аталантамен" тең түсті - 2:2. Ремо Фройлер (6-минут) және Робин Госенстің (83-ші) голына алаң иелері Ману Тригерос (39) және Арно Груневелдің (73) дәл соққыларымен жауап берді. "Вильярреал" 84-минуттан бастап азшылықта ойнады, Франсис Коклен алаңнан қуылды.

G квартетінде "Лилль" германиялық "Вольфсбургпен" мықтыны анықтай алмады, есеп 0:0. 63-минутта Джон Энтони Брукс алаңнан қуылып, қонақтар азшылықта қалды.

H тобында туриндік "Ювентус" шведциялық "Мальмені" 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Жеңімпаздар сапында Алекс Сандро (23-минут), Пауло Дибала (45-минутта пенальти) және Альваро Мората (45+1) гол соқты.

Ал лондондық "Челси" өз алаңында ресейлік "Зениттен" 1:0 есебімен басым түсті. Жеңіс голын Ромелу Лукаку 69-минутта салды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар