"Бавария" президенті Кейннің трансферіне байланысты пікір білдірді

©Reuters

"Баварияның" президенті Герберт Хайнер "Тоттенхэм" шабуылшысы Харри Кейіннің мюнхэндік командаға ауысуы мүмкін деген сыбысқа байланысты пікір білдірді, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

29 жастағы шабуылшы 2011 жылдан бері лондондық команда сапында өнер көрсетеді. Кейін сондай-ақ Англия құрамасының капитаны. 

"Қазір "Бавария" мықты команда жасақтады. Команда футболшыларының орта жасы 25-56. Көп футболшылардың келісімшарты ұзақ мерзімге жасалған. Барлығы өз орнында. Енді асықпай команданы күшейтуді жоспарлай аламыз. 

Кейннің трансфері туралы әңгіме болды ма? Жоқ. Бірақ біз футбол нарығын қадағалап отырамыз. Біздің команданың шабуыл шегі жақсы жасақталған", - деп келтіреді Хайнердің сөзін Bayern & Germany  порталы. 

Айта кетейік, шабуылшының "Тоттенхэм" командасымен келісімшарты 2024 жылдың соңында аяқталады. Ал Transfermarkt порталы оны 90 миллион еуроға бағалап отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport