Футбол
9 наурыз 2022 07:51

"Бавария" өз алаңында "Зальцбургті" ойсырата ұтты, "Ливерпуль" "Интерді" Чемпиондар лигасынан шығарды

©УЕФА

Мюнхэндік "Бавария" командасы Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жауапты кездесуінде "Ред Булл Зальцбург" командасын ірі есеппен жеңді, жеп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Мюнхэн қаласындағы "Арена Мюнхэн" қаласында өткен жауапты кездесу 7:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. 

Бұл кездесуде "Бавария" сапында Роберт Левандовски хэт-трик автораты (11, 21 және 23-минут) атанса, Томас Мюллер екі гол (54 және 83-минут) соқты. Ал Серж Гнабри (31-минут) және Лерой Сане  (86-минут) бір доптан салды. Ал "Зальцбург" сапындағы бір гол Мауритс Кьергордың (70-минут) еншісінде. 

Еске салайық, аталған командалар арасындағы бірінші кездесу 1:1 есебімен аяқталған болатын. Осылайша, екі кездесудің қорытындысы бойынша "Бавария" жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасы 1/4 финалына шықты. 

Ал "Энфилдте" өткен "Ливерпуль" мен миландық "Интер" арасындағы кездесуде қонақтар 0:1 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 62-минутта Лаутаро Мартинес салды. Бірақ осы голдан кейін италиялық команданың шабуылшысы Алексис Санчес алаңнан қуылды. 

Миланда өткен бұл командалар арасындағы кездесу 2:0 есебімен ағылшындық команданың пайдасына аяқталды. Сөйтіп, екі матчтың қорытындысы бойынша "Ливерпуль" келесі кезеңге шықты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport