"Бавария" өз алаңында "Зальцбургті" ойсырата ұтты, "Ливерпуль" "Интерді" Чемпиондар лигасынан шығарды
Мюнхэндік "Бавария" командасы Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жауапты кездесуінде "Ред Булл Зальцбург" командасын ірі есеппен жеңді, жеп жазады Vesti.kz тілшісі.
Мюнхэндік "Бавария" командасы Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жауапты кездесуінде "Ред Булл Зальцбург" командасын ірі есеппен жеңді, жеп жазады Vesti.kz тілшісі.
Мюнхэн қаласындағы "Арена Мюнхэн" қаласында өткен жауапты кездесу 7:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды.
Бұл кездесуде "Бавария" сапында Роберт Левандовски хэт-трик автораты (11, 21 және 23-минут) атанса, Томас Мюллер екі гол (54 және 83-минут) соқты. Ал Серж Гнабри (31-минут) және Лерой Сане (86-минут) бір доптан салды. Ал "Зальцбург" сапындағы бір гол Мауритс Кьергордың (70-минут) еншісінде.
Еске салайық, аталған командалар арасындағы бірінші кездесу 1:1 есебімен аяқталған болатын. Осылайша, екі кездесудің қорытындысы бойынша "Бавария" жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасы 1/4 финалына шықты.
Ал "Энфилдте" өткен "Ливерпуль" мен миландық "Интер" арасындағы кездесуде қонақтар 0:1 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 62-минутта Лаутаро Мартинес салды. Бірақ осы голдан кейін италиялық команданың шабуылшысы Алексис Санчес алаңнан қуылды.
Миланда өткен бұл командалар арасындағы кездесу 2:0 есебімен ағылшындық команданың пайдасына аяқталды. Сөйтіп, екі матчтың қорытындысы бойынша "Ливерпуль" келесі кезеңге шықты.
Жарнама