Чемпиондар лигасы 1/4 финалының алғашқы матчында мюнхендік "Бавария" сырт алаңда мадридтік "Реалды" 2:1 есебімен жеңді. Матчтың негізгі ойыншыларының бірі – германиялықклубтың франциялық шабуылшысы Майкл Олисе боллды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Олисенің рекордтық жетістігі
Opta деректері бойынша, Олисе XXI ғасырда бір маусымда 25 нәтижелі пас жасаған алғашқы франциялық футболшы атанды. Бұған дейінгі рекорд атақты Франк Рибериге тиесілі болды – 24 пас.
Олисе 2024 жылдан бері "Бавария" сапында өнер көрсетіп келеді. Сол жылы клуб оны Лондондағы "Кристал Пэластен" 53 миллион еуроға сатып алды.
Бұрын футболшы Англияның "Рединг" клубында ойнаған, сондай-ақ "Челси", "Арсенал" және "Манчестер Сити" академияларынан өткен.
Қазіргі таңда Transfermarkt 24 жастағы шабуылшының құнын 140 миллион еуро деп бағалайды.
"Бавария" мен "Реал" арасындағы қарымта ойын16 сәуірге қараған түні Мюнхендегі "Альянц Арена" стадионында өтеді.