"Бавария" Нойерді алмастыратын тегін футболшы тапты

© Eurosport
Мюнхен "Бавариясы" негізгі қақпашысы Мануэль Нойерді алмастыратын футболшы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Sport1.de.

Бұл орынға басты үміткер "Шальке-04" командасындағы 23 жастағы Александр Нюбельді қарастырып отыр. 2020 жылы жазда футболшының гельзенкирхендік клубпен келісімшарты аяқталады да, "Бавариялықтарға" тегін келуі мүмкін. 

Осы маусымда Нюбель Германия бундеслигасында 11 матчте ойнап, 14 доп өткізіп алды.

Айта кетейік, 2011 жылы "Бавария" Нойерді осы "Шалькеден" алған еді. Келісімшарт 2021 жылға дейін. Нойер мюнхендік клубпен келісімшартты ұзартуға дайын, алайда команда басшылығының басқа ойы бар сияқты.

Германия чемпионатында "Бавария" үшінші орында (21 ұпай), "Шальке-04" жетінші (19).